Талғарда той қонақтары аспанға оқ атқан: арасында бір блогер бар

Қалижан Бектемір

Алматы облысы Талғар ауданында тойға келген қонақтар көшеде автоматтан әуеге оқ атқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншот

Бұл жайт Алматы облысының Талғар ауданындағы жеке үйлердің бірінің жанында болған. Видеодан той кезінде көшеде тұрған бірнеше ер адамның әуеге оқ атқаны көрінеді.

Видеоға облыстық Полиция департаменті өкілдері түсінік берді.

– Құқықбұзушыларды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, - делінген хабарламада.

Оқ атқандардың бірі автоблогер Заир Рзаев болып шыққан.