Құрбандықты биыл онлайн шалуға болады: оның жолы қалай

Ulysmedia

Қазақстанда онлайн құрбандық шалатындар үшін qurban2024.kz сайты іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ҚМДБ мәліметінше, онлайн құрбан шалғысы келетіндер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті ақшаны аударады.

Қой мен ешкіні 1 адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады.

Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті.

Ет мұқтаж жандарға таратылады. Сол себепті олар осы сайтта етті алуға өтініш бере алады.

Еске салсақ, Мұсылмандар діни басқармасының мәліметінше, биыл Құрбан айт 16 маусымда басталады.

Сондай-ақ мейрам күндері не істеу керек екенін жазған болатынбыз. Астанада құрбан шалуға болатын орындар бекітілді.