Қазақстанда қайырымдылық мекемесінің атын жамылған діни ұйымдар әшкереленді

Ulysmedia

Алматы прокуратурасы 26 қайырымдылық мекемесінің заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: politeka.net

Не болды

2024 жылдың мамырында прокуратураның «Жібек Жолы» Қайырымдылық мекемелерінің қауымдастығы Заңды тұлғалар бірлестігіне 26 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күшін жою және тарату туралы талап-арызын қанағаттандыру жөніндегі шешімі заңды күшіне енді, - деп хабарлады прокуратура.

Бұрын жүргiзiлген тексерулер, мекемелердiң жұмысы iс жүзiнде олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келетіні анықталды. Олардың кейбiреулерi бiлiм беру қызметiн лицензиясыз жүзеге асырған.

Балалардың құқығы бұзылған

Балалардың білім, тәрбие және уақтылы медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары, бұзылған.

Тексеру барысында мекемелердің діни бағыты расталған және Қазақстан Республикасының Мұсылмандар діни басқармасы «Жібек жолымен» жасалған меморандумды бір жақты тоқтатты. Заң нормаларын бұзған бірқатар аталған мекеме мен олардың басшылығына қатысты қылмыстық істер қозғалды (кәмелетке толмағанды өз-өзіне қол жұмсауға жеткізген, тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни араздықты қоздырған, сот экстремистік және террористік деп таныған әдебиеттер табылған), - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта мекемелерде тұрған балаларды отбасыларына қайтару жұмыстары жүргізілуде.