ММА-ның танымал спортшысы Қуат Хамитов Қазақстанның футболын тағы да қатаң сынға алды, деп хабарлайды Ulys Sport.
Ол Әзербайжан мен Қазақстанның алдағы жолдастық кездесуі жайлы өз пікірін білдірді.
– Мен футбол сарапшысы емеспін, өйткені бұл ойын бізге не беретінін білмеймін. Егер халық әрдайым ақшасы ауаға ұшып жатқанына қынжылатын болса, ойнаудың не қажеті бар? Олардың әрбір ойыны адамдарды ренжітеді, — деді файтер Legalbet.kz-пен әңгімеде.
Әзербайжан-Қазақстан матчы 11 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады.
Спортшы бұған дейін отандық футболшылардың жалақысын Азия-2023 чемпионатында жетістікке жеткен балуандарға беру керектігін айтқан болатын.