ХАМАС Газадағы бейбітшілік жөнінде келіссөздерге келісті

Сырым Қаржас

Палестинаның ХАМАС тобы Газа секторында Израильмен соғысты тоқтату жөнінде келіссөздерді бастауға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

Бұл жайлы Reuters агенттігі Хамастың аға өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.

– Хамас Газада Израильмен соғысты тоқтату жоспарын қолдайтын БҰҰ қарарын қабылдады және оны егжей-тегжейлі талқылауға дайын екенін білдірді, - делінген хабарламада.

Алайда Катар мен Мысырдың делдалдары Хамастан немесе Израильден БҰҰ қолдаған бейбіт ұсынысқа ресми жауап алған жоқ.

Көп адам Палестина-Израиль қақтығысы еврейлердің мұсылмандармен күресі деп санайды. Бұл іс жүзінде аумақ үшін күрес: екі жақ та бір жерге құқығы бар деп мәлімдейді. 

1948 жылғы 14 мамырда Израильдің негізін қалаушы әкесі Дэвид Бен-Гурион Израиль мемлекетінің құрылғанын жариялады. Палестиналықтар бұл күнді Аль Накбу – апат күні  деп атады.