Алматы әкімдігі «Қазақстан» қонақүйінің иесін сотқа берді

Ulysmedia

Әкімдіктің хабарлауынша, қонақүйдің жанындағы субұрқақ ескерткіш бөлігіне кірмейді, ол қорғалатын аймақта орналасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Не болды

Алматы әкімдігі субұрқақты рұқсатсыз қайта жөндеуден өткізгені үшін «Қазақстан» қонақүйінің иесіне қарсы іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта субұрқақтың жұмысы тоқтап тұр.

Толығырақ

«Қазақстан» қонақүйіндегі субұрқақты қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсатсыз жүргізілген.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде учаскеде жұмыс тоқтатылды, заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, «Crown Star» ЖШС-нің иесіне шара қолданылды. Бүгінгі таңда департамент бұйрықты орындау үшін сот ісін қозғап жатыр, - деп түсіндірді ведомстводан.

Тағы да не

Қонақүйдің жанындағы субұрқақ ескерткішке кірмейді, бірақ қорғалатын аймақта орналасқан.

«Қазақстан» қонақ үйінің ғимараты Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы қаулысына сәйкес Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. Осыған орай, нысан аумағында қандай да бір құрылыс немесе қайта құру жұмыстарын жүргізу үшін меншік иесі тиісті ғылыми-жобалық құжаттаманы дайындап, ғылыми-реставрация жұмыстарын жүргізу қажеттілігін негіздеуі қажет еді. Алайда ғимараттың иесі басшылыққа хабарласпаған, - делінген хабарламада.

«Қазақстан» қонақ үйі

Айта кету керек, қонақүй Алматының визиттік карталарының бірі деп аталады. Ол 1977 жылы салынды, отыз жылдан кейін қонақүй жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

Монументалды, сенімді кеңестік сәулет өнерінің үлгісі. Алматы сәулетшілері сөзсіз мойындайды: бүгінде қонақүй оңтүстік астанадағы жер сілкінісіне ең төзімді және көпқабатты ғимарат болып қала береді, - делінген қонақүйдің сипаттамасында.