Алматының Ақбұлақ ауданында балалар аулада тұрған көліктерге зақым келтірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бірі көліктің шанағына мініп алып, алдыңғы терезесін теуіп, шытынатып жібереді.
Видеодан балақайлардың «іштері пысқаннан» бөтен көліктерге әдейі зақым келтіргенін көруге болады.
Кішкентай бұзақылар өздерінің бұл әрекеттері видеоға түсіп қалатынын ескермесе керек.
Бүгінде тәртіп сақшылары оларды ұстап, профилактикалық әңгіме жүргізді. Енді көлік жүргізушілеріне келтірілген шығынды бұзақы балалардың ата-аналары төлеуі тиіс.