Шахтинск қаласында әйелге қауіпті вирус жұқтырған ер адам сотталды

Ulysmedia

Шахтинск қаласының тұрғыны төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

2015 жылы ер адамға АИТВ диазнозы қойылып, емделуден бас тартқаны және өзгелерге жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертілген.

Ал жеті жыл бойы бірге тұрған әйел оның диагнозынан бейхабар болған. Салдарынан ол вирус жұқтырып, кейін қайтыс болған.

Оқи отырыңыз: Ұят деп жүре бермеу керек: Қазақстанда ВИЧ-пен ауыратындарға көзқарас қандай

Алайда ер адам сотта өз кінәсін мойындаған жоқ.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 118-бабы бойынша кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.