Германияда Құран оқуды үйрететін ұстаз оқушы қыздарын зорлады деп айыпталды

Қалижан Бектемір

Германияда Құраннан сабақ беретін 30 жастағы сириялық ер адам 5 пен 9 жас аралығындағы алты қызды қорлады деген айыппен сотқа тартылды. Ата-аналар қыздарын оның үйіне араб тілі мен Құраннан жеке дәріс алу үшін апарған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: дереккөз

Бұл туралы Bild Telegram-арнасы жазды. 

Тергеушілер алепполық Захед 2018 жылдан бері өз пәтерінде кем дегенде 11 рет кішкентай қыздарды зорлағанын айтты. Айыптау қорытындысы бойынша, ол қыздардың жамбасынан ұстап, сүйген. Екі қыз мұғалім оларды жартылай жалаңаштап, тізерлеп отыруға мәжбүрлегенін айтқан. Кейін бір шәкіртін зорлаған.

Күдікті өз кінәсін толығымен мойындаған жоқ.

Еске салсақ, 2023 жылы Солтүстік Рейн-Вестфалияда балаларды зорлау көбейген. Қылмыс статистикасы өткен жылмен салыстырғанда 22,6% өсіп, 5065 оқиға болған.