Америкалық Google корпорациясы Қазақстан билігінің талабын орындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін агенттік Google LLC, Google Ireland Limited және Google Commerce Limited компанияларына олардың әрекеттерінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгісі барын хабарлаған болатын.
Осыдан кейін Google корпорациясы Chrome браузері алғаш рет іске қосылған кезде (автоматты түрде немесе қолмен) таңдау терезесі орнатылған тиісті нұсқаға жаңартылған соң Android мобильді құрылғыларында екі факторлы "өткізілмеген" таңдау терезесінің демонстрациясын енгізді деп мәлімдейді.
– Алғаш рет Қазақстан юрисдикциясынан тыс ірі трансұлттық компанияның үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама орындалды. Көп елде реттеуші мемлекеттік органдардың талабы бойынша іздеу жүйелерін, соның ішінде ЕО, Ресей және Беларусь елдерін таңдау экрандары енгізілді", – делінген агенттік хабарламасында.
1 маусымдағы жағдай бойынша пайдаланушылардың таңдауы келесідей: