Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, өнер адамдары сахна мен көрерменді құрметтеуі керек деген мәселе көтеріліп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Аида Балаева сахнадағы "этикалық емес мінез-құлық" үшін әртістерді жазалау туралы ұсынысқа түсініктеме берді.
Толығырақ
Жалпы, мәдениет қайраткерлерінің миссиясы – құндылықтарды көтеру. Рухани құндылықтар, мәдениетті қалыптастыру. Сахнаға шыққан кез келген орындаушы көрермендерді құрметтеуі керек. Олар, ең алдымен, әртіс не әншінің сахнаға қалай шыққанын, қандай күйде екенін қадағалап отыруы керек. Кез келген жағдайда боғауыз айтуға болмайды, - деді ол.
Тағы не
Ол сондай-ақ 50 мың қол жинаған ЛГБТ үгіт-насихатына қарсы петиция туралы сұраққа жауап берді.
Біз жұмыс тобын құрып жатырмыз, ол осы мәселелерді талқылайды. Жұмыс тобына біздің министрліктің және азаматтық қоғамның өкілдері кіреді, - деді министр.