Қырғызстан көріпкерлерді жарнамалауға тыйым салды

Ulysmedia

Қырғызстан парламенті көріпкелдер, бақсылар, сиқыршылар мен экстрасенстерді жарнамалауға тыйым салатын заңнамаға қатысты түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Енді Қырғызстанда сиқырға қатысты жарнамаларға тыйым салынады.

 

Тиісті шешім «азаматтардың санасына кез келген оккульттік, сиқырлық және басқа да сенімсіз әдістер арқылы айла-шарғы жасауға» қарсы тұру мақсатында қабылданғаны атап өтілді. Құжатты негіздеу анықтамасында да психолог біліктілігі бар адамдардың алаяқтық жолмен адамдардан ақша алып үлгеретіні жазылған.