20 жастағы қазақстандық шахматшы әлем чемпионы болды

Ulysmedia

Қазақстандық шахматшы Үндістанда өткен 20 жасқа дейінгі FIDE World Junior жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, Қазыбек Нөгербек 11 турда 8,5 ұпай жинап, турнир кестесінің бірінші орнына шықты.

Алтын медаль алған ол әлем кубогына жолдама алды.

Турнирге Үндістанда барлығы 123 қатысушы жиналды, оның ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралық шебер бар.