Алматыда 40 жыл болған құбыр ауыстырылады

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

14 маусым сағат 23.00-ден 15 маусым сағат 9.00-ге дейін Бостандық ауданында Гагарин даңғылы бойынша Березовский көшесінен Байқадамов көшесіне дейінгі көлік қозғалысы жабылады. Әкімдікте хабарлағандай, қозғалыс екі жаққа да жабылады.

1984 жылы пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 1220 м құбырды қайта құру учаскесінде жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

"Бұл құбыр 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке үйді, төрт балабақшаны, екі Денсаулық сақтау нысанын және 27 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық сумен қамтамасыз ету сақталады", - делінген хабарламада.

Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және осы учаскені айналып өту жолдарын алдын-ала қарастыруды сұрайды.

Бұған дейін

ҚР Көлік министрлігі 2024 және 2025 жылдары қандай жол учаскелері ақылы болатынын жариялаған еді.