15 маусымда Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қандай жолдар жабық:
Мәңгілік ел даңғылы Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде 30 маусымға дейін жабылды.
Түркістан көшесінен "арқар" көпіріне дейінгі жолдың бір бөлігі - 1 шілдеге дейін.
Момышұлы даңғылы Қошқарбаев даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскеде - 30 маусымға дейін.
Сарайшық көшесінің Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскесі - 17 маусымға дейін.
Әлімбаев көшесі Амман көшесінен Тоқпанов көшесіне дейін - 16 маусымға дейін.
1 шілдеге дейін Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының бойында, сондай-ақ Сарайшық және Сарыарқа көшелерінде "Сергек” камералары өшіріледі.