Ақмола облысының мектептерінде балаларға мерзімі өткен тамақ берілген

Сырым Қаржас

Ақмола облысының бірнеше мектебінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Almaty.tv

Бұл жайлы облыс прокуратурасы хабарлады. Мектептерде сыныптар балаға толып кетіп, оларға жарамды мерзімі өтіп кеткен тамақ берілген.

– Тексеру арқылы ауысым арасындағы үзіліс уақытын, оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзіліс ұзақтығын, мектеп үй-жайларының санитарлық ережелерге сәйкестігін, калориялылығы бойынша дайын тағамдарды, жұмысқа рұқсаты бар медициналық кітапшалардың жоқтығын білдіретін көп кемшілік анықталды, - деп қосты прокуратура.

Қадағалау органы әкімшілік кодекстің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) 4 596 540 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданылып, ол берешек 22 адамға жүктелгенін хабарлады.