Қазақстанда сирек металдар қоры жайлы мәліметтер құпиясы құжаттар ашылуы мүмкін

Сырым Қаржас

Қазақстанда сирек кездесетін металдардың баланс қорлары жайлы мәліметтердің құпиясы ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

kazatomprom.kzс

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов сенатор Андрей Лукинге берген жауабында айтады. 

Үкімет басшысы 2023 жылғы желтоқсанда барлық баланстағы қордың мәліметтерін құпиясыздандыру бойынша жұмыс жүргізілгенін хабарлады.

– Бүгінгі таңда өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір сирек кездесетін металдардың баланс қорларын (индий, скандий, ванадий, талий, стронций, галий және сирек кездесетін жерлер) мемлекеттік құпиялар туралы ведомстволық мәліметтер тізімінен алып тастау жөнінде өзгерістер енгізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Премьер-министр 2021 жылы литий, тантал, ниобий және басқа элементтердің баланстық қорлары туралы мәліметтерді құпиясыздандыру осы салаға инвестиция тартуға мүмкіндік бергенін айтты.