Сұмдық кадр: Атырауда ер адамның әйелді пышақтағаны видеоға түсіп қалды

Сырым Қаржас

Видеоны Немолчи қоры жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шартты сурет

Видео #Немолчи қорына келіп түскен. Кадрда ер адам әйелге пышақпен тап берген. Тап берген адам оның бұрынғы жігіті болуы мүмкін деп болжайды қор.

- Ол бірнеше рет пышақ салған, олардың бірі денеге терең сұғылған. Мұқият қараңыз ол пышақты тамаққа қарай қалай бағыттайды. Сондай-ақ, баспалдақтың астында жасырынып, оны күтіп тұрғанына назар аударыңыз.

Әйел қаланың белгілі супермаркетінде жұмыс істейді, кіреберістегі дәретханаға шыққан. Қазір ол реанимацияда жатыр, – делінген хабарламада.

Атырау полициясы әзірге бұл факт бойынша ақпарат берген жоқ. Іс қай баппен қозғалғаны және күдіктінің ұсталған-ұсталмағаны белгісіз.