Ақтөбе облысында жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жанып жатқан жүк көлігін сөндірген.
Ақтөбе облысының аумағында Ақтөбе-Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар тасжолының 270-шақырымында азық-түлік тауарлары тиелген жүк көлігі жанды, - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ не дейді
ТЖМ күштерімен өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.
Жол көлігінде төтенше жағдай шыққан жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз! - деп кеңес берді құтқарушылар.