«Ұят болды-ау»: Snoop Dogg-пен оюлы көйлек киіп ән айтқан КешYOU қыздары сынға қалды

Ғалиасқар Думан

АҚШ-та қазақстандық «Кешю» тобы Snoop Dogg-пен бірге ән айттыі. Еліміздің атынан барған әншілер қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері бейнеленген киіммен өнер көрсеткен. Сол үшін сынға қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Скриншот

Бұл туралы продюсер Баян Алагөзова айтты. 

Маған мұнда көп адам қазақы ою-өрнегі үшін ұрсып жатыр. Жарайды, онда жұмсақ жеріңізді көрпеге басып, аяқпен оя бейнеленген кілемді басуды қойыңыздар… Жоқ жерде әулие бола қалғанды доғарыңыздаршы! Біз мұны әлемді мәдениетімізбен таныстыру үшін жасадық, біз оны жасадық! Сіз ойсыз хейтпен бізді алға жылжытудан басқа не істедіңіздер? - деді ол әлеуметтік желілерде. 

Бұған дейін Snoop Dogg қазақстандық «Кешю» тобымен бірге бейнебаянға түскен болатын.

Қаңтар айында Алагөзова 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті.