Қырғызстан Қазақстанға 550 млн текше метрден астам суармалы су жібереді

Ғалиасқар Думан

Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Қырғызстан маусым айының үшінші онкүндігінің басынан бастап бері жіберетін су көлемін ұлғайтады. Екі ел Шу мен Талас өзендері арқылы келетін судың мөлшерін ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КТРК

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қырғызстандағы әріптестерімен Қазақстанға суармалы су беру туралы уағдаласты.

Толығырақ

Министрдің айтуынша, суару маусымына дайындық барысында елдің оңтүстігіндегі фермерлерді судың қажетті көлемімен қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс жүргізілген. Көрші мемлекеттермен маңызды келіссөздер болған.

"Бүгін Қырғызстан су ресурстары министрлігінің басшылығымен маусымның үшінші онкүндігінің басынан бастап Шу және Талас өзендері бойынша су беруді ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазіргі уақытта қырғыз әріптестерімен бірлесіп су беру кестесін ұлғайту бағытында түзету жұмыстары жүргізілуде", - деді Нұржігітов.

Суармалы су

Еске сала кетейік, былтыр Қырғызстан Қазақстанға суармалы су беруді тоқтатып, мұның арты үлкен шуға айналған еді.