Бұған дейін балабақшалардың жұмысы уақытша тоқтайтыны белгілі болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.
“Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады,”- деп жазды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін
Астана қаласы Білім басқармасының мәлімдеуінше, Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейтіні белгілі болған.
Саммитте не талқыланады
ШЫҰ саммиті Астанада 3-4 шілдеде өтеді.
Онда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.