40 миллион теңге: «Ойжұмбақ 2» анимациясының алғашқы табысы белгілі болды

Ғалиасқар Думан

Қазақша дубляждың алғашқы демалыс күндері қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Прокаттың алғашқы демалыс күндері үшін 567 миллион теңгеден астам "Ойжұмбақ 2"  анимациялық фильмі 40 000 000 теңгеден астам табыс түсірген. Бұл бұған дейін көрсетілген  "Аватар: су жолы"  таспасының кассалық рекордын жаңартты. Бұл деректерді Disney жариялады. Айта кетейік қазақша дублжяға компанияның өзі демеуші болған еді. 

Ал “Ойжұмбақ 2” анимациялық фильмі (қазақ және орыс тіліндегі нұсқасы) Қазақстанда бұрын-соңды прокатқа шыққан ең кассалық Disney және Pixar анимациялық фильмдерінің рейтингінде көш бастады. 

Фильм прокатқа шыққалы бері 567 200 000 теңге (1,25 млн доллардан астам) табыс түсірген. Бұл Қазақстан, Қырғызстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан және Тәжікстандағы кассалық көрсеткіштерді қоса алғандағы есеп. Барлығы 300 мыңнан астам көрермен билет алған. 

Бұған дейін

«Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлы орысша қатар көрсетіліп жатқан "Головоломка-2"-нің қаралымы қазақшасынан 10 есе артық екенін жазған.

Disney мен Pixar компаниялары «Ойжұмбақ 2», Disney студиясы «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударды. Анимациялардың алғашқы аталғаны жақын арада прокатқа шығады.

Осы айдан бастап көруге болады

Disney және Pixar студиясының «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінде көрермен бой жетіп қалған Райлимен қайта қауышады.

Режиссёр Пит Доктер мен продюсер Джонас Ривераның 2015 жылы шыққан бірінші «Ойжұмбағы» үздік толық метражды анимациялық фильм ретінде екі бірдей жүлде – Оскар» мен «Алтын глобусқа» ие болған. «Ойжұмбақ 2» эмоцияға толы шытырман оқиғасы кинода 2024 жылдың жазынан бастап көрсетіледі

Қазақстанда прокатқа 2024 жылдың 14 маусымынан шығады. Оны еліміздің кинотеатрларынан көруге болады.

Голливуд неге қазақша сөйлемей жатыр

Ulysmedia.kz бұған дейін Голливуд фильмдерін қазақ тіліне аудару мәселесіне үңілген еді. Ұлттық кино орталығы қаңтарда шетелдік фильмдерді дубляждауға конкурс жариялаған. Бірақ ешбір компания оған қатысуға өтінім бермеген. Сол себепті орталық ақпанда конкурсты қайта жариялаған.