Қазақстанда екі жаңа миллиардер пайда болды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда тағы екі кәсіпкердің байлығы миллиард доллардан асты. Олар – Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахимбаев, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа миллиардерлер

Forbes журналының жаһандық рейтингіне сәйкес, Нұрлан Смағұловтың байлығы 1,3 миллиард доллар. Ол әлемдік тізімде 2858-орында тұр.

Ал кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың байлығы 1,1 миллиард доллар деп бағаланған. Ол рейтингте 3185-орынға жайғасқан.

Басқа қазақстандықтар

Әлемдік миллиардерлер тізімінде Қазақстанның басқа да ірі кәсіпкерлері бар.

Forbes мәліметінше, Вячеслав Ким елдегі ең бай бизнесмен болып қала береді. Оның байлығы 7,8 миллиард доллар, ал әлемдік рейтингте 477-орында тұр.

Сонымен қатар, тізімде:

  • Владимир Ким – 712-орын (5,9 млрд доллар);

  • Тимур және Динара Құлыбаевтар – 780-орын (әрқайсысы 5,4 млрд доллар);

  • Булат Өтемұратов – 780-орын (5,4 млрд доллар);

  • Тимур Турлов – 823-орын (5,2 млрд доллар).

Рейтинг көшбасшылары

Әлемдегі ең бай адамдар рейтингінің көшін Илон Маск бастап тұр. Өткен жылмен салыстырғанда оның байлығы екі еседен астам өсіп, 839 миллиард долларға жеткен.

Екінші орында Ларри Пейдж (257 млрд доллар), үшінші орында Сергей Брин (237 млрд доллар).

Ал төртінші және бесінші орындарды тиісінше Джефф Безос (224 млрд доллар) пен Марк Цукерберг (222 млрд доллар) иеленген.