Лукашенко американо кофесінің атауын өзгертуді ұсынды

Сырым Қаржас
Коллаж: ulysmedia.kz

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының біріне барған кезінде «американо» кофесінің атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Беларусь президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президенттің ресми Telegram-арнасы Лукашенконың Минскідегі мейрамханалардың біріне барған сәтінен видео жариялады. Онда мемлекет басшысынан қандай кофе ішкісі келетіні сұралған.

Осы кезде Лукашенко американо атауын өзгерту керек деген пікір білдірді.

– «Американо» деген атауды беларусь бренді деп өзгерту керек. Әзірге жақша ішінде «американо» деп жаза беріңдер, кейін адамдар үйреніп кетеді, – деді ол кофе таңдауы кезінде.