«Ректорлық грантқа ие боласың»: Алматыда жас жігіт ҚазҰУ студенттерін алдап кеткен

Қалижан Бектемір

21 жастағы Алматы тұрғыны ҚазҰУ университетінің студенттерін ақылы бөлімнен ректордың грантына ақылы түрде ауыстырамын деп алдап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Svezhayagazeta.ru

2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың ақпан айына дейін ол төрт адамды алдап, алаяқтықпен жеті миллион теңгеден астам табыс тапқан. 

Ол жәбірленушіден алған ақшаны қалауынша жұмсаған, – деді сот.

Сотталушы қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) сәйкес кінәлі деп танылды. Ол екі тараптың келісімге келуіне байланысты, сондай-ақ материалдық шығынды толық өтегеннен кейін қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 

Сот оған жәбірленушілерге өтемақы қорына 36 920 теңге мәжбүрлі төлем өндіруді міндеттеді.