Аптап ыстық қашан басылады

Ғалиасқар Думан

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

"Қазгидрометтің" мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның батысында бірнеше күнге созылған аптап ыстық басылады. Ал 22 маусымда жауын-шашын мол болуы мүмкін. 

"Елдің солтүстігі мен орталығында жауын – шашын аздап тоқтағаннан кейін найзағаймен жаңбыр жауады, кейбір аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ және қатты дауыл болады. Ал республиканың оңтүстігіндегі тұрақсыз ауа райы болады. Тек шығыс өңірлерде ауа райы айтарлықтай жауын-шашынсыз болжанады", - деп атап өтті синоптиктер. 

Бұған дейін

Сауд Арабиясындағы қатты ыстық қажылық кезінде 14 қажы қаза тауып, 17 адам жоғалып кеткенін жазған едік.