Қазақстандық кәсіпкер Владимир Жұманбаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Қалижан Бектемір

Қазақстандық кәсіпкер Владимир Жұманбаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: kazakhmys.kz

Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.

Оқиғалардың нәтижесінде В.Жұманбаевқа қатысты бұрын тағылған айыптар оның ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне және қаржыландыруына қатысы жоқтығына байланысты алынып тасталды, ал соңғысына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық қудалау қозғалған. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті ұйымдасқан қылмыстық топ – “заңдағы ұры” Қамчи Асанбек пен Жұманбаевтың қызметін қаржыландырудың жекелеген фактілері анықталғанын мәлімдеді.

Маусымның 19-ы күні Жұманбаевтың өзі Қырғызстанға келіп, тергеуге белсенді қатысқаны хабарланды.

Владимир Жұманбаев Forbes Kazakhstan тізімінде 25-орында.

Қырғызстанда арнайы операция кезінде қылмыстық авторитет Камчыбек Көлбаев жойылғанын естеріңізге саламыз.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық кәсіпкер, «Вертекс Голд» компаниясының иесі Владимир Жұманбаевқа Қ.Асанбектің (Қамшы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырғаны үшін іздеу жариялағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ «Kazakhmys Holding» ЖШС кәсіпорынның топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.