Қазақстанда вейптерді сатуға және таратуға тыйым салатын заң бүгін күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Президент биыл 19 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Бұл құжат бүгін күшіне енді.
Заңда шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салынған.
Яғни вейптердің айналымы үшін бүгіннен бастап қылмыстық жауапкершілік көзделген: