Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Бейжің Тіл және мәдениет университетінің Астанадағы филиалы ашылатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрдің айтуынша, бұл ЖОО-да Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тілін үйренген.
ҚХР төрағасының сапары аясында бізде Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады. Бұл – Қытайдың лингвистикалық, аударма және педагогикалық жетекші университеті. Оны «Қытайдағы БҰҰ» деп те атайды. Бұл университеттің бас түлегі – біздің Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы. Президент сол жерде қытай тілін үйренген. Ресми ашылу шілде айының басында болады және мұнда алғашқы HSK сертификаттау орталығы ашылады. Бұл – TOEFL немесе IELTS сияқты қытайлық сертификат. Сондықтан қытай тілін үйренетіндерге ешқайда барудың қажеті жоқ, Астанада сынақ тапсыра алады, - деді Саясат Нұрбек.
Университет филиалы ЭКСПО аумағында орналасқан.