Іле-Балқаш резерватындағы өрт сөндірілді

Ulysmedia

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Іле-Балқаш резерватындағы өрт сөндірілді

“ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің иелігіндегі "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты" РММ аумағында орын алған жану  ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару up-MI877  тікұшағынан  су төгетін құрылғымен 16 рет 80-нен астам су төгу арқылы қол жеткізілді. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖ департаментінің және резерваттың күштері мен құралдары жұмылдырылды,”- деп жазды ТЖМ телеграмм арнасы

Бұған дейін

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы Іле-Балқаш резерватындағы өрт туралы айтқан еді.

11 маусым күні түстен кейін Орман шаруашылығынан Іле-Балқаш резерватының аумағындағы батпақты жерлерде қамысты өсімдіктердің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала болжам бойынша өрт найзағайдан шығуы мүмкін. 

13 маусымдағы жағдай бойынша ТЖМ мәліметінше, өрттің ауданы 30 гектар болған. 

Кейін  ғарыштық мониторинг деректері бойынша өрттің ауданы 2 794,79 га жеткен.