Резонанстық сот процесі Түркістан облыстық сотында аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Туған екі баласын тұншықтырып өлтірген Қызылорда облысының тұрғынына үкім шықты.
Ол алдағы 15 жылын орта режимдегі колонияда өткізеді. Істі алқабилер бірнеше ай бойы қарады.
Бұл процесті журналистерге сотталушыны және алқабилер көрсетпеу шартымен жариялауға рұқсат етті.
Бұған дейін
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы Дархан Дәулетовке қатысты үкім шығарған еді.
Өзінің өгей баласын өлтірген еркек 20 жылға бас бостандығынан айрылған.