Қазақстанда доллар қымбаттай бере ме – Ұлттық банк басшысы жауап берді

Аян Өрібай

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, 2024 жылдан бастап теңге 1,7% деңгейінде нығайған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов доллар бағамына байланысты журналистер қойған сұраққа жауап берді. 

– 2023 жылдың қорытындысы бойынша экономика 5,1% өсті. Сол кездегі нәтиженің бірі – теңгенің 1,7% нығаюы. Ізінше, 2024 жылдың басынан бері теңге тағы 1,7% нығайған. Жалпы көрсеткіш – 3,5%. Бұған қандай факторлар әсер етті? 2023 жылы экономиканың өсімі мен берік төлем балансы негізгі фактор болса, биыл Ұлттық қордан бөлінген қосымша трансферттер фактор болды, - деді ол.

Қиындықтар

Ол бірінші жартыжылдықта бюджет белгілі бір қиындықтарға тап болатынын айтты.

– Салықтардың жиналмады, тиісінше, трансферттер көлемі айтарлықтай өсті. Трансферттерді сату деген нені білдіреді? Бұл валюталық активтерден алу дегенді білдіреді, өйткені Ұлттық қор доллармен сақталады, биржаға әкелінеді, сатылады, теңгеге айырбасталып, Қаржы министрлігіне беріледі. Біз биржаға қосымша доллар әкелгенде, бұл нені білдіреді? Бұл ұсыныстың артып, яғни құны төмендейді. Біздің валюта нарығына қатысуымыз екі есе төмендеді. Тиісінше, теңгенің мәндеріне қайта ораламыз, - деді Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы биыл экономика бұрынғыдай деңгейде емес екенін, сондықтан теңгенің нығаюы іргелі сипатқа ие болмағанын айтты. 

– Биылғы болжам теңгенің орташа жылдық бағамы - 460. Бұл нарықтық механизм. Уайымдаудың қажеті жоқ. Біз бұдан әрі ешқандай қауіп күтпейміз, - деді ол.

Бұған дейін USD/KZT бағамының өзгеруі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін Ұлттық қор активтерін "Қазатомөнеркәсіп" акцияларына әлеуетті инвестициялау туралы жаңалықтар аясында күрт төмендегені хабарланған болатын.

19 маусымдағы сауда-саттық қорытындысы бойынша USD/KZT жұбы бойынша бағам бір доллар үшін 459,76 теңгені құрап, 1,61 теңгелік (18 маусымда+5,09 теңге) өсімлі көрсетті.