Қарағандыда қоқыс полигоны өртенді

Айнель Аянова

ТЖМ Қарағанды облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында болған өртті сөндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншот

Өрт Бұқар Жырау ауданының Дөскей аулынан 4 шақырым жерде тіркелді.

Өрт алдын ала 1000 шаршы метр аланда оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ.