Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Сырым Қаржас

Президент Мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

44030.kz

– Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

23 маусым бүкіл әлемдегі мемлекеттік қызметшілер үшін кәсіби мереке ретінде аталып өтеді. 2002 жылдың 20 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясы 23 маусымды БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні деп жариялаған қарар қабылдады. БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге бұл күнді өз елдерінде белгілеуді ұсынды. Қазақстанда бұл күн 2013 жылы президенттің жарлығымен мемлекеттік қызметшілер күні ретінде бекітілді.