Көкшетауда тауға шығып жараланған жігіт құтқарылды

Сырым Қаржас

Құтқарушылар 900 метр биіктіктегі таулардан құтқарушылар аяғынан жарақат алған адамды түсірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөзден

Түнде Көкшетау тауынан түсер кезде 1986 жылы туған ер адамның аяғы тайып кетіп,  жарақаттанған. Зардап шегушінің жанында досы болған.

– Қуанышқа орай, Көкшетау қаласынан келген қонақтар үшін оқиға орнына Бурабай кентінің №7 жедел-құтқару бөлімшесінің құтқарушылары дереу қастарынан табыла білді, – делінген министрліктің хабарламасында.

Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ер адамды 900 метр биіктіктен түсірген. Содан кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.