Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев видеожолдауы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Биылғы басқосу ұлттық валюта күні және тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Оның символдық мәні зор. Өйткені төл теңгеміз – елдігіміз бен егемендігіміздің шынайы белгісі. Біз тоқсаныншы жылдардың басында негізгі реформаларды жүзеге асырдық, қаржы қатынастарын озық тәжірибелерді ескере отырып, банк саласына түбегейлі өзгерістерді енгіздік. Еліміздің толыққанды қаржылық инфрақұрылымы жасалды. Соның нәтижесінде ұлттық қор жинап, оны тиімді жұмсауға мүмкіндік туды», - деді президент.
Айта кетсек Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі – Қазақстандағы қаржы нарығының дамуымен байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған алаң. Онда әртүрлі экономистер мен сарапшылар келіп, макроэкономикалық көрсеткіштер мен болжамдар жайлы ойын ортаға салады.