Дамир Исмағұлов Алматыда жекпе-жек өткізеді

Қалижан Бектемір

UFC тұжырымының экс-спортшысы Дамир Исмағұлов (24-3) келесі жекпе-жегін Hardcore FC тұжырымының турнирінде өткізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: meta-ratings.kz

UFC тұжырымының рейтингінде ең үздік 15 спортшының қатарына кірген Дамир Исмағұлов келесі жекпе-жегін Алматыда өтетін Hardcore FC турнирінде өткізеді. 

13 шілдеде болатын турнирде спортшы ресейлік Дмитрий Климовқа қарсы жұдырықтасады. Исмағұлов соңғы жекпе-жегін кикбоксинг ережесі бойынша "Наше дело” 82 турнирінде өткізіп, ресейлік Эдуард Вартаняннан ұпай санымен ұтылып қалған еді. 

Айта кетейік, бұл турнирдің басты жекпе-жегінде Мұратбек Қасымбай мен Диего Брандао жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеудің иегерін анықтайды.