Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк 2022 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын және 7-20-25 жеңілдігі бар ипотека бағдарламасын іске асыруды жалғастырады. Қазіргі кезде Қарапайым заттар экономикасы шеңберінде 940 млрд теңгеге қарыз берілді. 7-20-25 бағдарламасы бойынша 1 трлн теңге сомасынан 400 млрд теңгеден астам сома бөлінді.
Айта кетсек Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі – Қазақстандағы қаржы нарығының дамуымен байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған алаң. Онда әртүрлі экономистер мен сарапшылар келіп, макроэкономикалық көрсеткіштер мен болжамдар жайлы ойын ортаға салады.