Екі облыста жемқор аудиторлардан сертификат қайтарылып алынды

Сырым Қаржас

Жоғарғы аудиторлық палата бұл аудиторлар Солтүстік Қазақстан мен Алматы облысында тіркелгенін хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Палата не дейді

Бұдан бөлек, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында тексеру комиссияларының қызметкерлерінен сыбайлас жемқорлық істері бойынша мемлекеттік аудитордың сертификаттары қайтарып алынған.

– Бұл – өте маңызды мәселе. Мұндай фактілердің әрқайсысы мұқият қаралып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға аса көңіл бөлу керек», — деп атап өтті Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.

Сонымен бірге былтыр мемлекеттік органнан хабарламалар негізсіз жиі берілген, бұл – тексеру объектілері мен қызметкерлердің өздеріне артық жүктеме.

Жұмысы тиімсіз аудиторлар

Жоғары аудиторлық палата мүшесі Ардақ Тенгебаевтың айтуынша, 20 өңірлік тексеру комиссиясының тек 11-інің (55%) қызметі тиімді деп бағаланған. Қалғандары «қанағаттанарлық» деген баға алды. Негізгі параметрлердің бірі – мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілген өзгерістер көлемі. 10% шегінде ауыстыру оң бағаланады, ал 10%-дан жоғары енгізілген өзгерістер бұзушылық болып саналады, себебі бұл үлкен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеледі. 2

023 жылы ШҚО, СҚО және Қостанай облыстарының тексеру комиссиялары бір жыл ішінде өз тізбелерін 10-нан 30%-ға дейін жаңартқан. Ал Түркістан облысында бірден 38%-ға, яғни ең үлкен ауытқу тіркеліп отыр.