Қонаевта атыс болып, кісі өлімі тіркелді

Сырым Қаржас

Қонаевта белгісіз адамдар атысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

шартты сурет

Атыс салдарынан 21 жастағы жігіт көз жұмған. 21-24 жастағы жастар оқ жарақатын алды. 29 және 27 жастағы күдіктілерге іздеу жарияланды.

Алматы облысының полициясы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, наурыз айында Қарағанды облысында атыс болып, бір адам зардап шеккен еді.