Оралда өзіне абайсызда оқ атқан полицей көз жұмды

Ғалиасқар Думан

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінше, тәртіп сақшысы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімшесінде есін жимастан 27 маусымға қараған түнгі сағат 00.00-де көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

24 маусым күні БҚО ПД ғимаратында полиция қызметкері абайсызда өзіне оқ атып жібергені белгілі болды.

Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 21 жастағы азаматты облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер екі тәулік бойы тәртіп сақшысының өмірі үшін күрескен. Алайда ол есін жимай, ауруханада жан тапсыды.

«Науқас 27 маусым күні сағат 00:00-де есін жимай қайтыс болды», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.