Автобус жүргізушілеріне қойылатын талап жеңілдейді

Ғалиасқар Думан

Мәжіліс депутаттары екі оқылымда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске өзгеріс енгізу мәселесін қарап, заңды президентке жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Жаңа заңда автобус және троллейбус жүргізушілерінің жасын 25-тен 23 жасқа дейін қысқарту көзделген. Сондай-ақ, бұл ретте жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, ал D1 кіші санатындағы жүргізушілер үшін жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауы тиіс. 

Қолданыстағы норма бойынша, 16 адам сиятын автобустарды жүргізу үшін D санатындағы құқықтарды алу үшін кемінде бес жыл жүргізуші тәжірибесі болуы керек еді. Сонымен қатар, адам 25 жастан асқан болуы керек.