Депутат Бақытжан Базарбек: Су кеңесі - олигархтардың пайдасына жұмыс істейді

Сырым Қаржас

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек аңа Су кодексінің жобасын әзірлеуші Су ресурстары және ирригация министрлігіне тағы да сын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia

Мәжіліс кулуарында депутат Бақытжан Базарбек жаңа Су кодексінің жобасы Су кеңесін күшейтуді көздейтінін айтты. Оның айтуынша, консультативтік-кеңесші органның өкілеттігіне су беруге арналған лимиттер мен тарифтерді белгілеу кіреді.

Кеңеске тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар бизнестен түрлі бірлестіктердің де кіре алатыны - депутаттың алаңдаушылығын тудырған. 

"Мен әзірлеушілердің ұстанымымен келіспеймін. Олар Су кеңесінің жұмысын жақсартуға тырысып бағуда. Мен бұл логиканы түсінемін. Су кеңесі тек мемлекеттік органдардан ғана емес, қоғам қайраткерлері мен қауымдастықтардан тұрады.
Су кеңесі Тау-кен өнеркәсібі қауымдастығынан құрылуы мүмкін, "Атамекен" ҰКП кіре алады. Олар су беруді шектеп, тарифтерді өздері белгілейді. Барлық бұл саладағы барлық процеске әсер етеді. Сол үшін Су кеңесін күшейтуды қалайды", дейді. 

Сондай-ақ, мәжілісмен Су кеңесі- олигархтарды қолдау алаңына айналып кету қаупі барын айтты. 

-"Олигархтар су кеңесінде өз өкілеттіктерін пайдалана отырып, барлығына шектеу қоя алады, реттей алады, су инспекциясының әрекеттерін бақылай алады. Олар су Кеңесі сияқты маңызды институтты өз бизнесінің кәдесіне пайдалана алады. Біз бұған жол бере алмаймыз. Жобаны әзірлеушілер су кеңесін күшейтуге тырысқан шығар, бірақ осылайша олар олихгархтарды мүддесін арттыра алады", - деп түсіндірді Базарбек. 

Жаңа су кодексін құруды 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырды. Мемлекет басшысы су саласындағы жинақталған проблемалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі болатынын айтты. Құжат су тапшылығының төмендеуіне әсер етуі мүмкін. Қолданыстағы су құжаты 2003 жылы қабылданды. Бүгінге дейін оған 70-тен астам түзетулер енген. Жаңа норманың қазіргі құжаттан айырмашылығы, осыған дейін су — экономикалық пайдаға қол жеткізу құралы ретінде ғана қарастырылған.

Айта кетейік, депутат Базарбек Су кодексін бірінші рет сынға алған жоқ.