Грузия парламенті «ЛГБТ насихатына» қарсы заңды бірінші оқылымда мақұлдады

Сырым Қаржас

"Шетел агенттері" туралы Ззңға байланысты жаппай наразылықтардан бір айдан аз уақыт өткен соң, "Грузин арманы" билеуші партиясы ЛГБТ құқығын шектейтін отбасылық құндылықтарды қорғауға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тбилисде түсірілген архив сурет

Бейсенбіде Грузия парламенті бірінші оқылымда "отбасылық құндылықтар және кәмелетке толмағандарды қорғау туралы" заң жобасын, сондай-ақ ЛГБТ құқықтарын шектейтін және құқық бұзушылар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті енгізетін 18 заңға түзетулер қабылдады.

Атап айтқанда, заң бойынша жынысты ауыстыруға, бір жынысты ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмағандарды асырап алуына, сондай-ақ бір жынысты некені насихаттауға бағытталған жиналыстар өткізуге тыйым салу ұсынылады.

"ЛГБТ-ны насихаттағаны", бір жынысты сахналарды эфирге шығарғаны және осындай мазмұндағы жарнамалар үшін айыппұлдар қарастырылған.