АЭС: референдум күнін түпкілікті кім белгілейді

Аян Өрібай

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда АЭС бойынша референдум өткізу күні туралы түпкілікті шешімді президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

ОСК хатшысы Мұхтар Ерман Қазақстанда АЭС салу бағытындағы референдум жайлы сұрақтарға жауап берді. 

– Өтетін күні мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді. Алдыңғы референдум мамыр айында жарияланды, біз оны өткіздік. Екі айдың ішінде ол дайындалады. 

Менің ойымша, бұл үкімет референдум күнін өткізу туралы ұсыныс жасайды. Қалай болғанда да, өтетін күн мемлекет басшысының жарлығымен анықталады, - деді ол.

Референдум бюджеті

Мұхтар Ерманның сөзінше, қазір ақша мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. 

– Бюджет әлі бекітілген жоқ, өйткені оның қашан және қалай өткізілетіні жөнінде шешім қабылданбады.  Ақша ешқашан оңай және жай алынбайды. Референдум өткізу туралы шешім қабылдаған кезде ақша бөлінеді, өйткені бұл Үкіметтің мәселесі. Бәлкім, резервтен, бәлкім бюджеттен. Ары қарай сұрақты Үкіметке қою керек, - деді ол.

ОСК хатшысы қолданыстағы заңнамада электрондық дауыс беру қарастырылмағанын айтты.

АЭС-ті қай мемлекет салады

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі әлі де күн тәртібінен түскен жоқ, жуық арада түсе де қоймайтыны анық. Әуелі АЭС құрылысы жайлы сөз болғанда жұртшылықтан қолдаудан гөрі қарсылық көп болған. Үлкен ауылындағы бір тыңдаудан кейін билік те референдум өткізбей, шешім қабылдау қиын екенін түсінсе керек. Тоқаев "референдум өтеді" дегелі алты ай өтіп кетті. Оның өтер күні әлі белгіленген жоқ.

Ulysmedia.kz тілшісі осы тақырыпта Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы Тимур Жантикинді сөзге тартып көрген еді.