Алматыда Брусиловский көшесінің учаскесіндегі қозғалыс уақытша жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Себебі көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Алматыда Брусиловский көшесінің учаскесі уақытша жабылатынын қалалық әкімдік хабаралады.
29 маусымда сағат 22.00-ден 1 шілдеде сағат 10.00-ге дейін Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.
"Брусиловский көшесінің учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуде. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.
Бұл өз кезегінде қосымша кептеліс туғызуы мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтары діттеген жеріне уақытылы жетуі үшін сапарын алдын-ала жоспарлауы керек.