Бельгиядан келген сарапшылар Қазақстандағы әскери базаларға инспекция жүргізді

Ғалиасқар Думан

Бельгияның әскери сарапшылары Франция мен АҚШ өкілдерінің қатысуымен Маңғыстау облысындағы әскери базаларға инспекция жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР ҚМ

Қорғаныс министрлігі тексеру сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатын орындау аясында жүргізілгенін хабарлады.

"Ақтау қаласының теңіз жаяу әскерлері бригадасы мен авиациялық базасы қолбасшылығының әскери инспекторлары үшін қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілері, Оқу полигондарындағы ағымдағы әскери қызмет, әскери қызметшілердің республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларға қатысуы туралы брифингтер берілді", - делінген хабарламада.

Шетелдік сарапшылар жыл сайынғы алмасу шеңберінде бұрын берілген ақпарат шын деп, Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді орындағанын атап өтті.