«Нетаньяху кет»: Израильде жаппай наразылық болып жатыр

Сырым Қаржас

Тель-Авивтегі негізгі митингілер аяқтаған соң наразылық білдірушілер бүкіл Израильдің "Гистадрут" кәсіподақтар конфедерациясының ғимаратына бет алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

@NTarnopolsky/X

Әлеуметтік желілерде Беньямин Нетаньяху үкіметінің отставкаға кетуін талап етіп, демонстранттардың жол бойында от жағып жатқаны көрінетін видеолар тарады.

Оқиға орнына полиция да келген.

Мұның алдында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі құрған тәуелсіз халықаралық комиссия Израиль мен Палестинаның ХАМАС тобының мүшелері 2023 жылдың 7 қазанынан бастап әскери қақтығыс кезінде кісі өлтіру және жасалған зорлық-зомбылыққа жауапты деп танылған баяндаманы жариялаған еді.

24 мамырда БҰҰ Халықаралық соты Рафақтағы әскери қимылдарды дереу тоқтатып, геноцид жөнінде шағымдарды тергеуге кедергісіз ашуды талап еткен.