Ақтауда бірнеше полицейдің ұсталған адамды сабап жатқан видеосы тарады

Айнель Аянова

Ақтауда полицияның бірнеше қызметкерінің ер адамды ұрып-соғып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Скриншот

Желіге тараған видеода бірнеше полицейдің бір жігітті сабап жатқан видеосы тараған. Тәртіп сақтауға жауапты қызметкерлер ұсталған адамға құқыққа қайшы әрекет жасап, жұдырығымен ұрып, аяғымен теуіп жатқаны көрінеді.

Бейнежазба 112 Ақтау инстаграм парақшасында жарияланған. Облыстық полиция департаменті полиция қызметкерлерінің әрекеті тексеріліп жатқанын хабарлайды.